Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 15 бабына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша Қаржылық бақылау Инспекцясы, бақылау объектiлерiн жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердi орындау арқылы Қазақстан Республикасының бюджет кодексiнде белгiленген өкiлеттiктер шегiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасайды.
Инспекция осымен мемлекеттік сатып алу процессіне қатысушылардың назарын өнім берушілермен, орындаушылармен мемлекеттік сатып алу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда қолданылатын шараларға аударады.
Заңның 11 бабы 4 тармағы талаптарына сәйкес мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi бiлiктiлiк талаптары бойынша дәйексiз ақпарат табыс еткен әлеуеттi өнiм берушiлердiң; осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуеттi өнiм берушiлердi; жеңiмпаздар деп айқындалған, мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған әлеуеттi өнiм берушiлердiң; мемлекеттiк сатып алу туралы өздерiмен жасасқан шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiстi түрде орындамаған өнiм берушiлердiң тiзбесiн бiлдiредi.
Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi заңды күшiне енген соттар шешiмдерiнiң негiзiнде қалыптастырылады.
Жоғарыда көзделген жағдайларда тапсырыс берушi әлеуеттi өнiм берушiнiң немесе өнiм берушiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактiсi туралы өзiне белгiлi болған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi немесе өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгiнуге мiндеттi. Мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмi заңды күшiне енген соттар шешiмдерiнiң негiзiнде қалыптастырылады.
Осы негiздер бойынша мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiне енгiзiлген әлеуеттi өнiм берушiлер немесе өнiм берушiлер соттың оларды мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап жиырма төрт ай бойы мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi.
Алайда, кейбір тапсырыс берушілер басшыларымен аталған заң нормларын сақтамауына жол беру салдарынан әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз қатысушылар деп тануға, сонымен қатар, олардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына тосқауыл қоюға кедергі келтіруде.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 47- бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу тиісті жауаптылыққа әкеп соғатындығы белгіленген.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207 бабы 12 тармағында өнім берушілер өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған және жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушілерді, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеуі немесе уақытылы жүгінбеуі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылып, айыппұл салуға әкеп соғады деп белгіленген.
Дегенмен, осы қатаң шаралар да Заң нормаларының бұзылуын тоқтатпай отыр. Оған дәлел келесі фактілер: 2015 жылдың өткен кезеңінде өнім берушілер өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған және жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушілерді, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбеу және уақытылы жүгінбеу салдарынан 25 басшы лауазымдағы жауапты тұлғаларға барлығы 1486,5 мың теңгеде айыппұл салынды.
Қызылорда облысы бойынша Қаржылық бақылау Инспекциясы осы дәйектерді келтіре отырып, мемлекеттік сатып алу заңдылықтарды сақтау барлық мемлекеттік сатып алу процессіне қатысушылардың міндеті екендігін ескертеді.
Қызылорда облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы.