Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағаш ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен облыс әкімінің және Жалағаш аудандық мәслихатының келісімімен Жалағаш ауданының әкімі лауазымына Шаменов Асылбек Өмірбекұлы тағайындалды.
Асылбек Өмірбекұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған. 2007-2012 жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.
2012-2018 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2018 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымын атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: