"Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту" тақырыбында семинар өткізілді
Қызылорда облысының мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында "Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту" тақырыбында семинар өткізілді.
Оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Байхожаевтың қатысты. Бұл шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға арналды.