Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 45 жастағы азаматша іздестірілуде

Қызылорда облысында бір күннен бері Сырдария өзені аумағында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған 45 жастағы азамат іздестірілуде.
Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде 15 тамызда сағат 07.00 шамасында 45 жастағы әйел Сырдария аумағында белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
«Оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінің жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техника және 1 қайық күшімен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру 19.30 шамасында уақытша тоқтатылды. Шара нәтиже берген жоқ. Бұл жұмыстар бүгін, 16 тамызда қайта жалғасады», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: