Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық тұрғын газ иісіне уланған

Қызылордалық тұрғын газ иісіне уланған]Облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағына Қызылорда қаласының тұрғыны хабарласты. Ол өзінің пәтерінде жалдап тұратын қыз есікті ашпай жатқанын жеткізіп, үйдің ішінде жағымсыз иіс бар екенін айтқан.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Есікті ашқаннан кейін олар диван үстінде ес-түссіз жатқан бойжеткенді көреді. Құтқарушылар бөлімінің жетекшісі Данышпан Есемұратовтың айтуынша, олар дереу жедел жәрдем қызметін шақырды. Терезе желдеткіші ашылып, сырттан таза ауа кіргізілді. 
Соңынан белгілі болғанындай, 22 жастағы қызылордалық бойжеткен тамақ дайындауға әзірленген. Соның салдарынан газды ашып, тамақ дайындауға кіріскенмен, диван үстінде ұйықтап кеткен. Соңында жаңағыдай жағдай орын алған. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: