Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҰЛАҒАТ ҰЯСЫНДАҒЫ ОРАЙЛЫ ІСТЕР


1960-1970 жылдары институт оқытушыларының 950-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 30-дан аса монографиялары мен оқулықтары көршілес республикалар мен шетел баспаларында жарық көрді.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қоңыратбаевтың, тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Күнхожаевтың, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор М.Эвербухтың есімдері Қазақ кеңес энциклопедиясына енгізілді.
Жаратылыстану факультетінің 35 түлегі аспирантурада оқыды. Олардың қатарында бүгінгі академик, профессор Н.Нәдіров, Қазақ мұнай институтының директоры қызметін атқарған профессор Е.М.Бородин, Новосібір пединститутының факультет деканы болған ғылым кандидаты Ю.Б.Филиппова болды.
Осы кезеңде институтта барлығы 226 профессор оқытушы қызмет етті. Оның 3-еуі ғылым докторы, профессор, 66 ғылым кандидаты, доценттер, 49 әкімшілік басқарма қызметкері болды. Министрлер Кеңесінің ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауды дамыту және қолдану бұйрығына сәйкес, Қызылорда педагогикалық институтында айтарлықтай іс-шаралар өткізілді. Институттың 20 кафедрасындағы 152 адам ғылыми ізденіс жұмыстарына тартылып, 52-ге жуық өзекті мәселелерге зерттеу жүргізілді.
Жалпы институт республиканың сол кездегі 18 облысындағы жоғары оқу орындарымен, одақтық көлемдегі Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосибирск, Ташкент секілді қалалардағы ғылыми-зерттеу институттарымен әртүрлі салада тығыз байланыс орнатты.
Сондай-ақ, облыс орталығында өндіріс орындары көптеп ашыла бастады. Тоқылмайтын маталар және «Ісмер» тігін фабрикалары іске қосылды. Қаладағы №6 жылу-электр орталығында 4-кезең құрылысы аяқталып, бір ауысымда 2,5 тонна өнім шығара алатын ұн зауыты, Қызылорда вагон жөндеу зауыты жаңадан пайдалануға берілді. Бұған қоса 80-жылдары қала аумағы кеңейіп, «Сәулет», «Ақмешіт» және «Мерей» шағын аудандары бой көтерді.
1960-1970 жылдары қала көлемінде күрделі құрылыс, әсіресе, мелиорация саласы дамыды. Бұған плотинаның іске қосылуы ерекше серпін берді. Сол жылдардағы үлкен өндірістік құрылым саналатын «Главриссовхозстрой» басқармасының құзырында 5 құрылыс тресі, 13 құрылыс монтаж бөлімшесі, 59 жылжымалы механика-колоннасы жұмыс істеді. Басқарма бір жыл ішінде 1 млрд. 489 млн. сомның жұмысын игерді, суландыру жүйесі қарқын алды.
Дәл осы кезеңде облыс күріш өндіруден Одақта екінші орынға шықты. Алып дарияның жағалауы инженерлік жүйеге келтіріліп, Сыр даласы қызу еңбектің көрігіне айналды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: