Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫҚызылордада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев пен облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен жергілікті полиция қызметінің жаңа үлгісі таныстырылды. 
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 2015 жылы 2 қарашада «Жергілікті полиция қызметінің мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын. 
- Соңғы 3 жылда облыстың ішкі істер қызметін қаржыландыру көлемі 3,5 есеге артты. Мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, қызметтік автокөліктер алынды. Облыстық мәслихаттың алдағы сессияларында жергілікті полицияны қаржыланду мәселесі қаралатын болады, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
- Жаңа Заңға сәйкес жергілікті полиция қызметінің басшыларын ҚР Ішкі істер министрінің ұсынысы мен мәслихаттың келесімі бойынша облыс әкімі тағайындайтын болады. Мұнан бөлек, жергілікті полиция қызметінің басшысы жылына екі рет облыс әкімі мен мәслихаттың алдында және жылына бір мәрте тұрғындардың алдында есеп береді. Ал олардың киім формасы мен қару-жарағы, қажет құрал-жабдықтары өзгерусіз қалады, - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Е.Тұрғымбаев. 
Бірлескен мәжілісте жергілікті полиция қызметінің жұмысын реттеу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. 
Қызылорда облысында жергілікті полиция құрамына учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандардың істері бойынша құрылымдар, табиғатты қорғау полициясы, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша құрылымдар, тұрғылықты мекен-жайы жоқ тұлғаларды қабылдау-орналастыру бойынша құрылымдар, әкімшілік тұтқынға алынғандарды арнайы қабылдау орны, жол-патрульдік полициясы кіреді. Жалпы облыста жергілікті полиция 1011 қызметкерді біріктіреді. Ол өз жұмысын келесі жылдың 1 қаңтарынан бастайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: