Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА БУЛЬДОЗЕР ЖҮРГІЗУШІСІ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

 ҚЫЗЫЛОРДАДА БУЛЬДОЗЕР ЖҮРГІЗУШІСІ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

 

Қызылорда облысының ТЖД жедел кезекшісінен Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының кезекшісіне Титов ауылында бульдозер жүргізушісі басқаруға ие бола алмай көлігін аударып алған деген хабар түсті. 
«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы» ММ хабарлауынша, шақырылған жерге жеткенде Жанақорған ауданының 22 жасар тұрғыны көлік салонында қысылып қалғаны анықталды. Оны «темір тұзақтан» шығарып алу  аварияны көзбен көрушілердің қолынан келмеген. Жасақ құтқарушылары құтқару жұмыстарына дереу кірісіп, арнайы гидравликалық құрал-жабдықтардың көмегімен зардап шегушіні көлік кабинасынан босатып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

 ҚЫЗЫЛОРДАДА БУЛЬДОЗЕР ЖҮРГІЗУШІСІ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

 

 ҚЫЗЫЛОРДАДА БУЛЬДОЗЕР ЖҮРГІЗУШІСІ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: