Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ СПОРТТЫҚ ШЕБЕРЛІКТЕРІН КӨРСЕТТІ


Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы және Криминалдық полиция басқармасының 100 жылдығына орай «Динамо» спорт кешенінде Қызылорда қаласы Ішкі істер басқармасының жеке құрам қызметкерлері арасында шағын футбол, арқан тарту және қол күрес сайыстары өткізілді.
Аталмыш сайыс басқарма қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру деңгейін жоғарылату, олардың кәсіби қызметін ынталандыру және моральдық, психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Шағын футбол мен арқан тарту, қол күрес сайыстары бойынша басқарманың барлық қызмет салаларынан барлығы 160 қызметкерден 10 команда құрылып, олар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» номинациялары бойынша жоғары көрсеткіштер көрсетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: