Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жеке инвесторлар есебінен 3 мектеп салынды


2019 жылы 19 әлеуметтік нысанның құрылысы салынып, олардың 11-і пайдалануға берілді, қалғаны осы жылы аяқталады.
" 2019 жылы жеке инвесторлар есебінен 1450 орынға арналған 3 мектеп салынды. Тағы да үш инвестор жеке мектеп салуды жоспарлауда. Бала санының артуы көңілімізге қуаныш ұялатады. Мектеп салу мәселелерін бюджет арқылы, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша шешетін боламыз ",- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында «2019-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау нысандарының өңірлік перспективалық даму жоспары» бекітілді.
"Былтыр Шиелі ауданаралық ауруханасы пайдалануға берілді. Жалағаш ауданында жаңа аурухананың құрылысы жүргізілуде (апаттық жағдайдағы соңғы объект). Сонымен бірге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жеті дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілсе, облыстық көпбейінді аурухана мен Қазалы ауданаралық ауруханасына ангиографиялық қондырғы орнатылды. Облыстық бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлініп, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық қамтылуы 85,3%-ға жеткізілді. Дәрігер тапшылығын шешу мақсатында 2019 жылы 95 маман тартылып, қамту көрсеткіші 82%-ға жетті",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Бұл салаға бүгінге 159 маман жетіспейді. Сондықтан, маман тапшылығын шешу мақсатында 20 маманды резидентураға және 30 маманды бакалавриантқа оқыту үшін облыс әкімінің гранты бөлініп келеді. Сырдария өзенінің сол жағалауынан онкологиялық бөлімі бар 500 төсек-орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысы республикалық жобалар тізіміне енгізілді. Заманауи құралдармен жабдықталған аурухананы Үкіметтің кепілдігімен Еуразиялық даму банкінің қаржысына салу жоспарлануда. Сонымен бірге, биыл облыс бойынша 8 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілетін болады.
Бүгін, 2020 жылы 19 ақпанда, Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті, жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Есепті кездесу "Qyzylorda" облыстық телеарнасының эфирінде, "Қызылорда облысы әкімдігінің" ресми "facebook" парақшасында және "youtube" әлеуметтік желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: