Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ


2018 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдерін минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз етудің барлық қажеттілігі 1579 тоннаны құраса, оның ішінде 1253 тоннасы азотты тыңайтқыш, 326 тоннасын фосфорлы тыңайтқышты құрады.
Осы қажетті минералдарды тыңайтқыштарды шаруашылық құрылымдары отандық тыңайтқыш өндірушілер «Қазфосфарт» ЖШС және шетелден тыңайтқыш жеткізушілер «Алтын Орда» ЖШС мен «Агрохимсервис-С» ЖШС арқылы алуға келісім шарттар жасалды.
Егін егу науқанына қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларынан 58 трактор, 19 дана трактор тіркемелері, 19 дана соқалар, 9 дана дән сепкіштер, 2 дана жүк көліктері күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіліп, көктемгі дала жұмыстарына 100 пайыз қатыстырылды.
Үкіметтің қолдауымен қаланың ауылшаруашылық тауарын өндірушілеріне қалаға жеткізуші операторлар болып белгіленген «НефтрансҚызылорда» ЖШС мен «РК-Мұнай» ЖШС арқылы 2018 жылы көктемгі егін егу науқанына барлығы 795 тонна дизель отыны арзандатылған бағада жеткізіліп, 48 тонна қою май, 159 тонна жанар жағармаймен қамтамасыз етілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: