Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада шаруаларды шөппен қамтамасыз етуге ерікті жастар атсалысуда

Облыс әкімі аймақтарды аралау барысында, аудан әкімдеріне шөптен тапшылық көрген шаруаларға көмектесу үшін және егістікке су жеткізуде қосымша шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын. Осы негізде, бүгіннің өзінде Шиелі ауданының Ақмая ауылдық округінде аяқ сумен қамтамасыз ету үшін Р-3-1 және Р-3-2 каналына су айдайтын дизельді насос қондырғылары орнатылған. 
Сонымен қатар, «Ақмая» шаруа қожалығында қыс мезгіліне мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазірге дейін шаруашылықта 7480 дана шөп жиналған, 2500 дана шөп ауыл тұрғындарына таратылды және бұл жұмыстар жалғасатын болады. 
Жалпы аудан бойынша 22 221 тонна шөп орылды. Бұнымен қоса ауыл халқы егіс алқабының атыз жағалауларындағы қалың мия аралас қамыс шөбін оруға кірісіп кетті. 
Ал, Жаңақорған ауданында биылғы маусымдық мал азығы - шөп мәселесі шаруаларға ауыр тиіп жатқанына байланысты нақты шаралар қабылдануда. Аудан әкімдігінің бастамасымен тау беткейіндегі ауылдық округтердің шаруалары «Түгіскен» тұқым шаруа қожалығынан тегін шөп орып алуына мүмкіндік жасалған. Бастаманы алғаш болып, Қыраш, Қосүйеңкі ауылдық округінің жастары қолдап, шөп орымның басына жетті. Келген жастар үшін жататын орын, "дала асханасы" арқылы тамақтандырумен толық қамтамасыз етілген. 
Бұл жұмыстар облыстың басқа аудандарында да ұйымдастырылуда. Айта кету керек, шаруаларға қолдау көрсету мақсатында шөп дайындау жұмыстарына "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтары да атсалысады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: