Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада мобильді бал павильоны бар

Бал арасын өсіру қызылордалық Бахыт Айтмағанбетовтің хоббиі десе болады. Кәсіпкердің қызығушылығының кәсіпке айналуына Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері көмектесті. 


Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасымен танысқан Бахыт Айтмағанбетов ойын жүзеге асыру үшін Кәсіпкерлер палатасына келді. Бұл жөнінде Кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Айгерім Бектемісова: «Бірінші кезекте біз кәсіпкерге мемлекеттік қолдау түрлеріне қатысты кеңес беріп, содан кейін бизнес жоспарын әзірлеп бердік. Қазір Бахыт Айтмағанбетовтің жобасы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржыландырылды», - деді.
Кәсіпкер қазір шеңгелдің балшырынын жинайтын жергілікті сары араларды өсіруде. Жалпы аймақта бал ара шаруашылығымен айналысушылар саны көп емес. Осы ретте, Бахыт Айтмағанбетов скайп арқылы Ресей, Украинадағы әріптестерімен хабарласып, кеңес алып отырады.
Кәсіпкердің мобильді бал павильоны бір жерден екінші жерге ауыса алатындығымен де ерекше. «Мен ара шаруашылығымен көптен бері айналысып келемін. Кәсібім қаржыландырылғаннан кейін ғана павильон алу мүмкіндігіне ие болдым. Онда араны қысы-жазы күтіп-баптауға барлық жағдай жасалған. Бизнесім өз-өзін ақтайды деген үміттемін», - деді Бахыт Айтмағанбетов.
 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: