Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ


Қызылорда қаласы бойынша жалпы мүгедектер саны 11 384 адам (1, 2 топ – 5933, 3 топ – 3594), 1857-і бала жасынан мүгедек.
Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылдың 22 қаңтардағы №26 қаулысына және «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» сәйкес жыл басынан бері қала және қалаға қарасты ауылдық округтерде тұратын мүгедектер гигиеналық және арнаулы жүріп – тұру құралдарымен қамтамасыз етілуде. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына» сәйкес мүгедектерге гигиеналық құралдарға (памперс) республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 227,7 млн. теңге бөлініп, игерілгені 170,1 млн. теңге.
1 топ мүгедектеріне жеке көмекшілердің қызметіне 155,7 млн. теңге бөлініп, игерілгені 101,5 млн. теңге.
Ымдау тілінің мамандарына республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 17,8 млн. теңге бөлініп, игерілгені 13,7 млн. теңге.
Инватакси қызметін қамтамасыз етуге республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 12,7 млн. теңге бөлініп, игерілгені 10,1 млн. теңге.
Үйде тәрбиеленіп және оқылатын 330 мүгедек балаларға 19,3 млн. теңге бөлініп, игерілгені 16,2 млн. теңге.
Қала мүгедектеріне бүгінгі күнге 805553 дана памперс, 116 жетек арба, 156 ұялы телефон, 249 кресло арба, 582 таяқ, 108 балдақ, 6265 нәжіс қабылдағыш, 3405 несіп қабылдағыш, 7 брайль жүйесі бойынша грифел, 157322 жаялық, 303 иісті бейтараптандырғыш, 230 тері тазартқыш, 317 крем, 78 есту аппараты, 29 дана веб-камерасы бар ноутбук, 62 сағат, 50 плейер, 21 тонометр, 68 термометр, 205 санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық берілді. 1271 мүгедек азаматтардың санаториялық курортқа арызы қабылданды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: