Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағаланады.
2023 жылы облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 118 дерегі анықталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар үлесі 47 деректі құрады. Ал жаңа 2024 жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 37 жағдайы тіркелді. Оның 27-сі қаңтар айында анықталған болса, ақпан айында 10 жағдай орын алды. Басым көпшілігі ауру симптомдарымен.
Қазақстан бойынша бірқатар өңірлерде КВИ бойынша аурушаңдық көрсеткіштерінің артуы байқалады. Бұдан бөлек, күз, қыс,көктем мезгілдері тұмау, жіті респираторлы вирусты инфекциялардың эпидемиологиялық маусымы саналады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы халқының арасында ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирус инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 08 ақпандағы №2 Қаулысы қабылданды. Аталған Қаулыға сәйкес халықтың көп жиналатын жерлерінде (әуежайлар, теміржол
вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалануға ұсыным берілді.
Динара Жанабергенова,
Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы