Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Полиция подполковнигі арнаулы шенінен айырылды

Полиция подполковнигі арнаулы шенінен айырылдыҚызылорда қаласының № 2 сотының үкімімен бұрынғы Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің тергеу басқармасында бөлім бастығы сотталушы Б. қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан алаяқтық жасаған. 
Ол мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам бола тұра, құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде қылмыстылықпен күресуге берген кәсіби антын бұзып, яғни бөтеннің мүлкін алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алған.
Атап айтқанда, жәбірленуші М.-дан АІІБ-нің бұрынғы қызметкері Ж.-ның көмегімен Қызылорда ОІІД-і тергеу басқармасының тергеушісі Б.-ның өндірісіндегі өзіне қатысты қылмыстық істі қысқартқызу мақсатында, Б.-дан 600.000 теңге  алған.
Сот сотталушы Ж.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «г» тармағымен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 3 жылға бас бостандық еркінен айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге үкім етті. Сондай-ақ, полиция подполковнигі арнаулы шенінен айырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: