Жаңақорғанда отбасылық бизнестің көзін тапқандар аз емес. Осындай отбасыларға қайтарымсыз грант беріп, бизнесін заңдастыру маңызды. Соңғы жылдары жаңақорғандықтардың грант алуға белсенділігі артып келеді.
Соңғы үш жылды сөз етсек, 2019 жылы – 212 тұрғын, 2020 жылы – 256 тұрғын мемлекет қолдауына қол жеткізсе, 2021 жылы – 300 жаңақорғандық өз кәсібін ашты.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 200 АЕК (айлық есептік көрсеткіш, 1 АЕК – 2651 тг), яғни биылғы көрсеткіш бойынша 530 мың теңге алуға тиіс. Ал, биыл қаражат көлемі ұлғайып, 556 мың теңгеден асты.
2021 жылдың шілде айының басында өткен комиссия отырысына 123 жоба түссе, соның 85-і мал шаруашылығын дамытуға ниетті.