Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АЙМАҚТА 48 ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

АЙМАҚТА 48 ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫ ҚЫЗМЕТ АТҚАРАДЫ

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Әділет департаментінің басшысы Қалдыбек Сапаров, 2016 жылы атқарылған жұмыстар барысы туралы баспасөз мәслихатын өткізді. 
Брифинг барысында аталмыш департаменттің негізгі қызметі мен ҚР Заңдарына енгізілген өзгерістерді халыққа дер кезінде жеткізу, құқықтық түсіндіру әділет органының басты мақсаты екендігі баса айтылды.
Қазіргі кезде ҚР Әділет органдары Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсартудың негізгі 4 индикаторы бойынша жұмыс жасауда. 
Осы орайда «Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі», «Меншік құқығы», «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі», «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторлары көрсеткішін жақсарту бойынша іс-шараларды осы департамен жоспарлы түрде ұйымдастырып келеді. 
– Бүгінде жеке сот орындаушылары кадрын жасақтау жұмысына назар аударып отырмыз. Нәтижесінде облыстың барлық аудандары мен қалалары аталмыш мамандармен қамтамасыз етілді. Қазір облысымызда 48 жеке сот орындаушысы қызмет атқарады. 
Аталмыш бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: