Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУҒА МАҢЫЗ БЕРІЛДІ



Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысын дамытуға маңыз беріліп отыр. Осы мақсатқа бағытталған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 521 млн. теңге бөлініп, Сырдария өзенінің сол жағалауында тұрғын үйлер бой көтерді.
Олардың қатарында 45 пәтерлік №27 үй, 60 пәтерлі №28 үй, 45 пәтерлі №29 үй, 70 пәтерлі №30 үйлердің құрылысы жүргізілуде.
Тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға облыстық бюджеттен кредиттер есебінен 2 115,8 млн. теңге бөлініп, Сырдария өзенінің сол жағалауында 60 пәтерлік № 23, 24, 25, 26 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен қатар қалалық бюджеттен бөлінген 24,9 млн. теңгеге Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тұрғын үй кварталына 1-60, 1-45, 2-55 пәтерлік тұрғын үй құрылысының ЖСҚ мемлекеттік сараптама қорытындысымен әзірленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: