Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорданың үздік өнімдері

Бүгін Өнер орталығында  «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік көрме-байқауы өтті.

Конкурсты өткізудегі мақсат – тауар өндірушілерге қолдау көрсету, олардың шығарған тауарлары мен көрсететін қызметтерінің сапасын арттыруды ынталандыру.
 Аталған маңызды шараға облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы, Әбенов Мұрат Абдуламитұлы, облысымыздың құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, бизнес өкілдері мен өзге де ұйым өкілдері қатысты.
Байқауға экономиканың түрлі саласынан 67 тауарөндіруші өнімдерін ұсынып, сарапшылардың бағалауы нәтижесінде анықталған «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша 9 жеңімпаз марапатталды. Марапат иелеріне облыс әкімінің дипломы мен ноутбук сыйға берілді. 
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша ауыл шаруашылығы саласында тыңайтқыштар өндірісімен «Агрохимсервис» ЖШС, құрылыс индустриясында цемент өндірісімен «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, шыны өндірісімен «Орда Гласс Лтд» ЖШС жеңімпаз атанды.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясын ауыл шаруашылығы саласында күріш өндірісімен «Асыл дән LTD» ЖШС, «Таң LTD» ЖШС, тамақ өнеркәсібінде жартылай фабрикат өнімдерін өндірумен
«Әль Баракат Дистрюбишн» ЖШС жеңіп алды.
«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы жеңілөнеркәсіп саласында жиһаз өндірістері бойынша «Панабек» ЖШС, «Сыр жиһазы KZ» ЖШС және емдік сабын өндірісі бойынша «Арт-групп Сервис» ЖШС табысталды.
Бұл кәсіпорындар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары»  республикалық байқауына қатысуға жолдама алды.
Салтанатты шарада Мәжіліс депутаттары  Мархабат Жайымбетұлы,   Мұрат Абдуламитұлы құттықтау сөз сөйлеп, іс-шара одан әрі байқаудың қатысушыларын марапаттау рәсімі және концерттік бағдарламамен жалғасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: