Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғанда ғы жарқын жобалар

Жаңақорған ауданында агроөнеркәсіп саласын дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – жаңа құс фабрикасының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде «Абдулла» шаруа қожалығы ОО «Союз Пром Птица» мекемесімен бірлесіп, жылына 5,5 мың тонна құс етін өндіретін заманауи құс фабрикасын салуда.
Жобаның жалпы құны 5,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде инвестор тарапынан 
1,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
Жоба толық іске қосылған кезде 120 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда құс фабрикасының құрылыс жұмыстары 98 пайызға аяқталған. Нысанды 2026 жылдың шілде - тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр.
Бүгін аталған нысанның құрылыс барысымен облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы ұйымдастырылған пресс-тур аясында танысып, жобаның жүзеге асу барысын көрді.
Жаңақорған ауданында мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде кәсіпкерлік саласында табысты жобалар жүзеге асуда. Соның бірі – Саяжай мөлтек ауданында орналасқан жеке кәсіпкер Наурыз Айымбетовтің жылыжай шаруашылығы.
Кәсіпкер 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 3,9 млн теңге көлемінде қаржы алып, кәсібін өз үйінің ауласынан бастаған.
Жобаның нәтижелі жүзеге асуының арқасында 2025 жылы аудан әкімдігі тарапынан «Саяжай» мөлтек ауданынан
 1 гектар жер телімі берілген.
2026 жылы кәсібін кеңейту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2,5 пайыздық жеңілдетілген 9,8 млн теңге несие алып, жылыжай жұмысын жаңа деңгейге көтерген.
Қазіргі таңда жылыжайда: қияр, қызанақ, болгар бұрышы өсірілуде.
Өндірілген өнімдер аудан аумағындағы сауда орындарына тұрақты түрде жеткізіліп, тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етуде.
Өнімге деген сұраныстың артуына байланысты кәсіпкер алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, жылыжай аумағын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Бүгін аталған нысанның жұмысымен облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы танысып, мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесіне куә болды.
Жаңақорған ауданында халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Еңбек, Сунақата, Қожамберді, Сүттіқұдық және Екпінді елді мекендеріне жоғары қысымды жеткізуші газ құбырын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бүгін аталған жобаның жүзеге асырылу барысымен облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы танысты.
Жобаның жалпы құны 250,584 млн теңгені құрайды. 2026 жылға республикалық бюджеттен 100 млн теңге қаржы бөлінген.
Құрылыс жұмыстарының бас мердігері – Сырэнергогазстрой. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың 20 сәуірінде басталды.
Бүгінгі таңда 4,4 шақырым газ құбыры тартылды, 5 дана газ тарату пункті жеткізіліп, орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жоба аясында жалпы 7,7 шақырым жоғары қысымды газ құбыры жүргізіліп, 5 дана ГРПШ орналастырылады.
Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 50 пайызға орындалған. Нысанды 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Аталған жобаның жүзеге асуы нәтижесінде 
5 елді мекендегі 6251 тұрғын табиғи газдың игілігін көріп, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек.
2023 жылдан күріш көлемі 1147 гектарға қысқарған. «Ауыл аманаты» жобасы ұсынған мүмкіндіктерді пайдалануды тапсырамын. Ауданда 175 шаруашылық каналы бар, оларды бетондау жобаларын әзірлеудегі жұмысты жеделдетіңіздер.
Жаңақорғанның туристік әлеуетін тиімдіпайдаланып, нақты жобаларға айналдыру керек. Қаратаудың етегінде орналасқан ауданның табиғиерекшеліктері, тарихи орындары меншипажайлары, мәдени-рухани құндылықтары ішкі және сыртқы туризмді дамытуға мүмкіндік береді, – деді аймақ басшысы.
Кейінгі төрт жылда барлық ауданда жаңадан 1800-ге жуық пәтер пайдалануға берілсе, оның 254-і Жаңақорған ауданында. Сапасына қатысты кемшіліктерді мердігер мекемелер толықтай қалпына келтірді. Биыл да тұрғын үйлер салу жоспарланған.
Осы ретте облыс әкімі салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары, құрылыс бөлімінің басшысына дайындық жұмыстарын ұйымдастыруды міндеттеді.
Ауданда газдандыру деңгейі 53 пайыз, бүгінде5 елді мекенге жоғары қысымды газ құбыры салынуда. Аудан әкімдігі облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, ауылдарды кезең-кезеңімен табиғи газға қосу жұмысын ұйымдастыруы тиіс.
Айта кетейік, аудан экономикасының негізгі салаларында тұрақты даму үрдісі сақталып, бірқатар бағыт бойынша оң нәтижеге қол жетті.Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,6 пайызға артты.Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 25,3 млрд теңге болған. Құрылыс жұмыстарының көлемі, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы жағынан да өсім бар.
Жаңақорғанда көпбейінді орталық ауруханаға жапсарлас жаңа қосымша ғимарат салынып жатыр.
Медициналық қызмет сапасын арттыру және тұрғындардың заманауи диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін кеңейту мақсатындағы құрылысты «Дәнекер құрылыс компаниясы» жүргізген. Оған 792 млн теңге қаржы бөлінген.
Жалпы ауданы 1212,06 шаршы метр, екі қабатты, цокольдік қабаты да бар, 9 төсек -орынға арналған. Заманауи магниттік -
резонанстық томография аппараты орнатылатын болады.
Жаңа ғимарат аудан тұрғындарының жоғары технологиялық-диагностикалық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, ауруды ерте анықтау мен сапалы медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасы 245 төсек-орынға есептелген, ғимараттың жалпы көлемі 5852,4 шаршы метр, үш қабатты, бес блоктан тұрады.
Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қабылдау бөлімшесі, хирургия, терапия, перзентхана және гинекология бөлімшелері, зертхана, нейрореабилитация, жұқпалы аурулар, реанимация бөлімшелері жұмыс істейді.
Сонымен қатар, күндізгі емдеу бөлімі, сәулемен емдеу, рентген, трансфузиология, ультрадыбыстық зерттеу, жүкті әйелдерге арналған УДЗ аппараты және компьютерлік томография қызметтері көрсетіледі.
Бүгінде ауруханада 1520 қызметкер аудан тұрғындарының денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында жүйелі жұмыс атқаруда. Медициналық мекеме жеке қазандық арқылы сұйытылған газбен жылытылады.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: