Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шағын несиенің шарапаты

Кәсіпте береке барын көпшілік жақсы біледі. Жеке кәсіпкер болу жалақыға жұмыс істеп жүрген талай азаматтың ойында бар. Бірақ, көпшілігі қайдан қаржы алып, істі қалай бастау керектігіне келгенде кідіреді.
Сондықтан, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіптің кез келген түріне несие беру арқылы қолдау көрсететінін ескерген жөн. Мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, кәсіп ашып жатқандар баршылық. Солардың бірі Қармақшы ауданында тұратын Мұхамедали Қалбаев деген жеке кәсіпкер. Ол Қордың Қызылорда облысындағы филиалынан 4 млн теңге несие рәсімдеген болатын. Кәсіпкер қажет дүниелерін сатып алып, пластик терезелер жасайтын шағын цехін іске қосты. Кәсіпкер шағын бизнеске қолдау көрсетіп отырған Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына алғысын білдірді.
Айта кетейік, "Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіппен айналысамын дегендерге 5 жылға 6 пайызбен 6 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: