Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ БАРЛЫҚ АУДАНЫНДА ЖАҒАЖАЙЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

 

Облыс әкімі Қ.Көшербаев төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссиясы отырысында барлық ауданда көпшіліктің суға шомылу жерлерін анықтап, талаптарға сай жағажайлар ұйымдастыруды тапсырды. Жағажайларда қайық, құтқару шеңберлері мен белдемшелер болуы міндетті.
Жаз маусымының басталуымен адамдардың суға кету фактілері орын алатыны белгілі. Арнайы жағажайларды ұйымдастыру арқылы мұндай келеңсіздіктің орын алуына жол бермеу қажет. 
Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша 43 адам суға кетіп қаза болса, оның 15-ін балалар құрады. Биылғы жылдың төрт айында 4 суға кету оқиғасы тіркеліп, 3 бала қаза болды. 
- Бұған дейін де барлық аудан әкімдеріне өз аймақтарында көпшіліктің суға шомылу жерлерін анықтап, талаптарға сай жағажайлар ұйымдастыру және оларды суда құтқару құралдарымен жабдықтау тапсырылған. Алайда тек Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласы әкімдіктері тарапынан ғана тапсырма орындалып отыр, - деген аймақ басшысы бұл соңғы ескерту екендігін айтты.
Балалардың жазғы тынығу лагерлерінде судағы қауіпсіздік шаралары да қатаң бақылауға алынатын болады. 
Сондай-ақ, осы жиында облыс аумағын тасқын судан қорғау мақсатында су шаруашылығы нысандарын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілу барысы талқыланды. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 379 миллион теңге бөлініп, 22 нысан жөндеуден өткізіледі. Қазірдің өзінде 5 нысанда қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталып отыр. Аймақ басшысы алдағы уақытта қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті сала башыларына біршама тапсырмалар берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: