Атмосфералық ауаны қорғау және автокөліктерден шығатын жалпы шығарындылардың деңгейін төмендету мақсатында компримирленген табиғи газбен жүретін көлік пен электр көлігінің санын арттыруға бағытталған қоғамдық жолаушылар көлігі экологияландырылуда.
Қабылданған 2016-2020 жылдарға арналған Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды дамыту бағдарламасы шеңберінде қазіргі таңда жаңа үлгідегі 112 автобус сұйытылған табиғи газбен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің орта сыйымдылықтағы автобустары да табиғи газбен жабдықталған. Алдағы уақытта, басқа да қоғамдық көліктерді экологиялық таза табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.