Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ҚАРЖЫ АРТТЫ


2018 жылдың қаңтар-қазан айларында Қызылорда қаласында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар негізгі капиталға 87 336,7 млн. теңгенің күрделі қаржысын салып, ол өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 106,6 пайызды құрады.
Қаржының 5 939,8 млн. теңгесі (6,8%) республикалық бюджет қаржысы есебінен, 7 462,6 млн. теңгесі (8,6%) жергілікті бюджет есебінен, 69 713 млн. теңгесі (79,8%) жеке қаражаты, 4 221,3 млн. теңгесі (4,8%) қарыз қаражаты есебінен игерілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 22 652,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 88,1 пайызды құрады. Облыста атқарған құрылыс жұмыстарының 38,0 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2018 жылдың 1 қарашасына жалпы ауданы 306 807 шаршы метр, оның ішінде халық қаражаты есебінен 246 092 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 84,3 пайызды құрады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: