Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда кәсіпорындар жұмысы бақыланып отыр

Аралда кәсіпорындар жұмысы бақыланып отырӘлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Аралтұз» АҚ-ның вице-президенті Н. Әуесхановтың хабарламасы тыңдалды. Хабарламашы экономикалық дағдарыстың жаһан елдерін жаулап алғандығын, ал өз елімізде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың экономикалық саясаттың жай-күйі жөніндегі кеңесте қалыптасқан жағдайға байланысты: «Ештеңе істемей, теңге бағамын ұстап тұрсақ, онда өндірісті қысқарту, жұмыс орындарынан айырылу болады. Сондықтан, бар мүмкіндіктіктердің бәрін есептей келе, мейлінше дұрысы теңгенің еркін айырбас бағамын енгізу және инфляциялық таргеттеуге көшу болмақ» - деген сөзі комбинаттың жұмысшыларына жаңаша күш бергенін, сондай-ақ, жаңа технологиялармен жарақтандырылып қарқынды күш алған «Аралтұзда» өнімді еңбек етіп жатырған жұмысшылардың қысқартылуына және өзге де жағдайларға жол берілмейтінін, жалақының уақытылы төленіп келе жатырғанын айтып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған «Қамқор Локомотив» ЖСШ-нің «Сексеуіл локомотив жөндеу депосы» филиалының директоры М. Кеулімжаевта өз хабарламасында теміржолшылар жұмысының талапқа сай жүріп жатқанын, жалақы мәселесінде де іркіліс жоқтығын, соның нәтижесінде дағдарыс салқынының әзір сезіліп тұрмағанын баяндады.
Комиссия төрағасы Қ. Жанұзақов комиссия отырысын қорытындылап, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ. Тоғысоваға мекемелердегі қысқарту, айлық жалақылардың уақытылы төленуіне тұрақты бақылау жасауды, «Аралтұз» АҚ-ның вице президенті Н. Әуесхановқа кәсіпорындағы қызметкерлердің техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң бақылауда ұстауды және де «Қамқор Локомотив» ЖСШ-нің «Сексеуіл локомотив жөндеу депосы» филиалының директоры М. Кеулімжаевқа жұмысшы қызметкерлермен тығыз байланыста болып, жалақыларының уақытылы төленбеуі, жұмысшылардың қысқарту сияқты мәселелерді болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: