Жаңақорған ауданына Иран Республикасының ауылшаруашылығы саласының мамандары келді.
Шетелдік мамандардың мал, тауық шаруашылықтарын дамытуда мол тәжірибесі бар. Аудан әкімдігінде өткен кездесу барысында шетел инвесторлары ауа райы өте қолайлы, жері тың, суы мол, 7 түрлі табиғи емдік шөптері бар Жаңақорған ауданына төрт түлік малдың, оның ішінде қойдың санын көбейту технологиясы жайында ой бөлісті. Сонымен қатар, тауық құсы фабрикасын және әртүрлі гүлдер жылыжайын салу жоспарлануда. Мысалы, 24 сағат ішінде қойға қолдан ұрықтандыру арқылы 12 айда әрбір қойдан кемінде 4 немесе 6 төл алуға болатынын жеткізді.
"Нақтырақ айтқанда, алда агроөнеркәсіпті дамыту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты азайту мақсатында игі жоспарлар өте көп" дейді жаңақорғандық Н.Бәкіров өзінің фейсбук парашасында.