Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДЫҚ ШАРУАЛАР КҮННЕН ҚУАТТАНАТЫН ЖАРЫҚ КӨЗІН ПАЙДАЛАНАДЫ

АРАЛДЫҚ ШАРУАЛАР КҮННЕН ҚУАТТАНАТЫН ЖАРЫҚ КӨЗІН ПАЙДАЛАНАДЫЖаңақұрылыс ауылдық округіндегі іссапар барысында Арал ауданының әкімі Абзал Мұхимов елдің жай-күйін сұрап, ауылішілік түнгі жарықтандырудан өтетін көшелердің жағдайымен танысты. 
Сондай-ақ, халықтың өтініштеріне құлақ түре отырып, ауылдағы жол мәселесі мен ұялы телефон байланысы өз кезегімен шешілетінін айтып өтті. 
Одан әрі ауыл аумағындағы жақсы жаңалықтардың бірі Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының қолдауымен тазартылған «Қара арық» каналымен де танысты.
Жағалай «Науша бұлақ» өңіріне арнайы ат басын тіреген аудан әкімі Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының демеушілігімен «Қожағұл ата» шаруа қожалығындағы күн мен желден қуат алатын электр көзінің қабілет деңгейімен танысты. Мұнда ата кәсіпті жалғаған, есімі елге белгілі Елшікен ақсақалдың ұлы Бекназар, әке жолын жалғап, «Қожағұл Ата» шаруа қожалығының жұмысын одан әрі жандандыруда. Қожалық иесі бүгінде қазақтың ақбас сиыры мен қара қасқа сиырын өсіріп отыр. Ал, ұлы Ернұр қожалықтың маңайындағы қайта қалпына келтірілген сважина мал өсіруге қолайлы болып отырғандықтан мал бордақылау шаруасын бастап жатқандығын және қаз өсіру де жоспарында бар екендігімен бөлісті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: