«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 2015 жылдың 28-30 қаңтарында Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.