Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Тау судай ағып жатыр": Қырғызстандағы ірі көшкіннің видеосы таралып жатыр

Қырғызстанның Нарын облысындағы Қара-Кече көмір кенінде ірі топырақ көшкіні салдарынан тау опырылып қалды.
Желіде тараған видеодан таудан ірі көлемде сырғыма түскенін көруге болады. Көшкіннің қатты болғаны сонша, тау төбесіндегі тастар да кұлаған.
"Сай толып кетті. Міне, Диқанға баратын жол, 37-ші шақырым. Тау судай ағып жатыр", - дейді автор.
Көлік және жолдар министрлігі оқиғаның Диқан — Қара-Кече тасжолының 37-ші шақырымында болғанын растады.
"Таудан түскен массаның көлемі шамамен 900 мың текше метр болды. Ол электр желілерін бұзып, Қара-Кече өзенінің арнасы мен жолды жауып тастады", - делінген ресми хабарламада.
Бүгінде үкімет басшысының тапсырмасы бойынша апаттың салдарын жою жұмыстары басталды. Азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссияның шешімімен тасжол жабылды. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. 



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: