Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

Қызылорда облысы активінің отырысында Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Шамшатов Бауыржан Шамшатұлы тағайындалды. 
Бауыржан Шамшатұлы 1978 жылы Жалағаш ауданында туған. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін «Әдеби қызметкер» мамандығы бойынша бітірген. Күні бүгінге дейін республикалық жетекші телеарналарда редактор, бас редактор қызметтерін атқарып, журналистика саласында мол тәжірибе жинақтаған. 
- Бауыржан Шамшатұлы журналистика саласында жинақтаған тәжірибесін облыс әкімінің қызметін насихаттауға, аймақтың оң имиджін қалыптастыруға және жергілікті атқарушы билік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байланысты нығайтуға жұмсайды деп сенім артамын,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: