Алғаш рет Күннің жоғары сапада түсірілген суреттері жарияланды
Ұлыбританияның Ланкашир орталық университетінің астрономдары Күннің жоғары сапада түсірілген жаңа суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы The Astrophysical Journal порталында жарияланды.
Жоғары сападағы суреттер NASA High-Resolution Coronal Imager телескопы арқылы түсірілген. Аталмыш құрылғы ғарышқа суборбиталды сапарға жіберілген көрінеді.
Озық үлгідегі астрономиялық телескоптың көмегімен Күн бетінің ең майда аймақтарын суретке түсіру мүмкін болыпты. Жерге ең жақын жұлдызға бірнеше мың қашықтыққа дейін жуықтаған құрал аспан денесінің атмосферасын бақылауға мүмкіндік сыйлапты.
"Табиғаты әлі де болса белгісіз болып саналатын Күн атмосферасының магниттелген құрылымын қолға түскен сурттер арқылы көруге болады", - дейді университет ғалымдарының бірі Солар Уолш.
Оның айтуынша, бұл құбылысты байқау арқылы Күн бетінде пайда болатын дауылдар мен жарқылдардың Жер ғаламшарына деген ықпалын байқау болады.