Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде "Мамық" салоны жастықтарды қалпына келтіреді

Шиеліде "Мамық" салоны жастықтарды қалпына келтіреді«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында грантқа қол жеткізген Тамара Асқарқызы тозығы жеткен құс жастықтарын қалпына келтіру мақсатында «Мамық» салонын ашты.
Бұл қызмет көрсету идеясы өзінің денсаулығына байланысты емханада емделіп жатқан тұста емхана жастықтарының ескіргенін, оны қайта жаңа қалпына келтіруді ойына түйіндеген. 
Осы ретте, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» өкілдері арнайы емханаға келіп «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына түсіндірме жұмыстарын жүргізген. 
Сабақты ине сәтімен дегендей, мүмкіндігі шектеулі болса да, өз ойын жүзеге асыру үшін бағдарлама аясында тиісті құжаттар әзірлеп, конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанды.
Міне, бүгін өз ойын жүзеге асырып, Шиелі ауданы халқы үшін жаңа құс жастығын қалпына келтіру салонын ашып отыр.
Т.Ақмағанбетова өз сөзінде грант қаржысына алған жастықты тазалаушы құрал, құс жүніндегі бактерияларды ултра күлгін сәулесімен жойып, арнайы сүрлеу, жағымсыз иістерден арылту, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, арнайы жастық тысына орналастырады.
Алдағы уақытта, аудан тұрғындарының тозығы жеткен жастықтарымен қатар, ауданда орналасқан емхана, қонақ үй жастықтарын қалпына келтіруге мүмкіндігі бар екендігін алға тартады. 
Бүгінгі таңға, осы жоба аясында екі жаңа жұмыс орны ашылды. Әр жастықты қалпына келтіру уақыты 10-20 минут, құны (жастық тысымен бірге) 950 – 1000 теңге. Орналасқан мекен жайы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №29, байланыс тел 87752642652 «Мамық» салоны.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: