Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада әйелін өлтірген 29 жастағы жігіт ұсталды

Қызылорда қаласында мас күйінде әйелін өлтірген 29 жастағы жігіт қолға түсті.


Облыс орталығында тұратын 29 жастағы ер адам заңды некедегі 27 жастағы әйелін мас күйінде белгісіз себеппен ұрып-соққан. Салдарынан азаматша алған ауыр дене жарақатынан қайтыс болды.
«Оқиға орнынан бой тасалап кеткен ер адамды ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Іздестіру барысында ол досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: