Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ОТАУ-ТВ» ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНАТЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ОТАУ-ТВ» ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНАТЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗІЛДІҮстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Intelstat-904" жер серігі қызметін тоқтатады. 
Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қуаныш Жанұзақов: «Қыркүйектен бастап көрермендер "Отау тв" ұлттық цифрлық хабарлар тарату қызметін пайдалана алмауы мүмкін. Мәселенің алдын алу үшін отандық "KazSat-3" жерсерігіне антенналарды күйге келтіру қажет. Бұл жұмыстар сәуір айынан басталған, бүгінгі күні қала бойынша "Отау тв-ға" қосылған 38 мыңнан аса абоненттің 3 мыңнан астамы ғана арнайы күйге келтірілген» дейді.
Алдағы уақытта болатын қиындықтың алдын алу мақсатында бүгін қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ. Жанұзақов және "Казтелерадио" АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ө. Абилаев бастаған түсіндірмелік топ Қызылорда қаласына қарасты елді мекен тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге күйге келтіретін арнайы мамандар (диллер) тұрғындарға таныстырылды. Бұл жұмыстарды 25 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: