Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан келген зардаптарды жойылуда

Енгізілген төтенше жағдайға байланысты облыс аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты облыс аумағында қауіпсіздік және тіршілікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар жөнінде облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков жан-жақты түсіндіріп берді. 
– Облыс әкімінің тапсырмасы және аумақтық коменданттың бұйрығына сәйкес облыстық жұмылдыру басқармасына тиісті тапсырмалар берілді. Осы ретте қаланың кіре берістеріне қойылған 5 блок-бекеттерге далалық шатырлар және өзге де қажетті заттар орнатылды. Бұл орындарға 300 дана құмға толтырылған қап және тағы басқа қажетті құрал-жабдықтар жеткізілді. 
Қорғаныс баррикадасы үшін 600 қапқа құм толтырылып, тиісті мекемелерге таратылды. Сондай-ақ, әскерилер үшін төсек-орындар дайындалды.
Құқық қорғау органдарының күшейтілген жауынгерлік қызметтегі 900 қызметкері мен әскерилер ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Қала аумағында өртенген көліктерді арнайы тұраққа тасымалдауға жүк көтергіш арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта басқарма жаппай тәртіпсіздік салдарынан келген зардаптарды жою және азайту бойынша өз құзыреті шегінде тиісті шараларды жалғастырады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: