Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ ӨНІМ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ АРТТЫ

 

Шиелі ауданындағы биыл өндіріс, өнеркәсіп орындары 12 млрд. 357 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы бүгін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Марат Серікбайұлы өткізілген брифингте баяндады. 
Металл кендерін өндіретін «Иіркөл» ЖШС-і өнім өндіру жоспары өткен жылдың есепті мерзіміне 355 тонна болса, 410 тоннаға орындаған, ал ағымдағы жылы 393 тоннаға орындалып отыр (жоспар 355 тонна). Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салаларында "Мыңбұлақ Dolomit Group" ЖШС 2015 жылғы 1 шілдеге 37200 м3 шебень тасын өндірген болса 2016 жылғы 1 шілдеге 7800 м3 шебень тасын өндірген. 2016 жылғы өнеркәсіп өндірісі өсімінің ай сайынғы динамикасын талдай отырып жыл қорытындысымен өндіріс көлемі 102,0 пайызға орындалады деп күтілуде. Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2016 жылдың 6 айында 2 млрд 470 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайызға артып отыр. Ал, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде 4 жобаға 95094 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жобалық құны 24 млн теңгені құрайтын Шиелі кентіндегі ұзындығы 900 метр болатын Ш.Бакиров көшесін және ұзындығы 1100 метр болатын Н.Бекежанов көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде толық аяқталды. 
Сонымен қатар, жобалық құны 71094 мың теңгені құрайтын Шиелі кентіндегі М.Шоқай алаңын және «Құрметті азаматтар аллеясын» абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында биылғы жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 4 жобаға 191 млн 751 мың тенге қаржы бөлініп Шиелі кентіндегі мәдениет үйі, Жуантөбе ауылдық округіндегі "Балауса" балабақшасы, Телікөл ауылдық округіндегі "Ақбесік" балабақшасы мен Ақмая ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: