Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛДЫ


Биылғы жылы Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты елді мекендерден қайтарымсыз грант алуға құны 426 млн. теңгені құрайтын 171 жобаның құжаттары конкурстық комиссия қарауына ұсынылып, жалпы құны 63 млн. теңгені құрайтын 52 жоба мақұлданған.
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23 жобаға немесе 55,7 пайызға артық. Оған қоса, жыл басынан бері облыстық кәсіпкерлер палатасы тарапынан қала кәсіпкерлеріне 648 млн. теңгені құрайтын 216 бизнес-жоспар әзір­леніп, оның ішінде 135 млн. 200 мың теңгені құрайтын 27 жоба жүзеге асырылып жатыр. Өз кәсібін жүргіземін деген азаматтарға "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы" арқылы 2229 қызмет көрсетілген екен.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: