Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Байқоңырдан «Ямал-401" ресейлік телекоммуникациялық спутнигі ұшырылды

"Байқоңырдан «Ямал-401" ресейлік телекоммуникациялық спутнигі ұшырылдыБайқоңыр ғарыш айлағында ресейлік «Газпром космические системы» спутниктік байланыс операторының «Ямал-401» ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды.
«Зымыран-тасығыш жергілікті уақыт бойынша сағат 3:16-да ұшырылды. Құрамында «Бриз-М» жүрдек блогы мен байланыс спутнигі бар басты ғарыштық бөліктің бөлімін ұшыру сағат 3:25-те, «Ямал-401»-ді - 12:17-де жоспарланған».
«Газпром - космические системы» ресейлік спутниктік байланысы орбиталық топтамасының жаңа спутнигі Еуропа мен Азия аумағында байланыс және телехабар сигналдарын ретрансляциялауға арналған. Спутникте в С- и Ku- жиілік диапазондарында жұмыс істейтін 53 транспондер мен алты антенна орнатылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: