Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ҮЗДІК ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ МҰҒАЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА ҮЗДІК ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ МҰҒАЛІМІ АНЫҚТАЛДЫҚазалы ауданындағы №266 мектеп-лицей базасында аудандық «Үздік алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі-2016» байқауы өткізілді. 
Бұл шара алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту барысында жаңашыл идеялар мен әдiстердi қолдану, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге қолдау көрсету, озық iс-тәжiрибелерді тарату мақсатында өткізілді. 
Байқауға қатысушылар өзін-өзі таныстыру, үй тапсырмасын талдау, кәсіптік, шығармашылық, спорттық сайыс кезеңдері бойынша бәсекеге түсті. Байқаудың қорытындысымен бас жүлдені №226 гимназияның алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Махамбетали Қуандық жеңіп алып, облыстық «Үздік алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі-2016» байқауына жолдама алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: