Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық педагогтер халықаралық байқауда топ жарды

Алматы қаласында математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің IX Халықаралық шығармашылық байқауы өтті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын білім бәйгесінде Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Абушеева Жұлдыз жүлделі ІІІ орынды иеленсе, математика пәнінің мұғалімі Жиенбаев Шаймағанбет ІІ орынды жеңіп алды. Ал физика пәнінің мұғалімі Нұрмаханов Орынбек қатысушылардың арасынан үздік атанып, І орынды иеленді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: