Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖОЛ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА БОЛМАҚ

 

Қызылорда облысының елді-мекендері  көлік қатынасымен жоғары деңгейде қамтылған. Облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен 11 маршрут әлеуметтік мәні бар маршруттар қатарына жатқызылып, жолақы тарифтері ең төменгі деңгейде қалдырылып, облыстық бюджет есебінен жыл сайын 17,6 млн. теңгеге демеу қаржыландырылып келеді. 
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жаңабаев БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.  
Қызылорда қаласының әуежайы әуе кемелерінің барлық түрін қабылдай алады. Демек, жолаушылар және жүк ағынын дамытудың барлық негізі жасалған. Бүгінгі таңда, Қорқыт ата халықаралық әуежайы арқылы аптасына барлығы 30 рейс орындалуда (жаз айларында 38 рейске дейін), оның ішінде: аптасына Астана қаласына – 11, Алматы қаласына – 14, Қарағанды – 1 рейс,  Атырау қаласы - 2 рейс және Ақтау қаласына- 2 рейс орындалуда. 
2016 жылы 97,1 мың жолаушы, 2017 жылдың 2 айында 14,2 мың жолаушы тасымалданды. Ал жоспар бойынша 2017 жылға - 120,7 мың адам, 2018 жылға- 126,7 мың адам, 2019 жылға - 133,0 мың адам, 2020 жылға- 139,7 мың адам тасымалдау көзделуде. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешілік әріптестік келісімшарт жобасын және Конкурстық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар және 2017 жылы жеке әріптесті таңдау бойынша конкурс өткізу жүзеге асырылатын болады.  Сонымен қатар, Елбасы Жолдауы бойынша үлкен қалалардың іргелес орналасқан елді мекендермен көлік байланысын дамытуды атап өтті.  
Бүгінгі таңда, облыс аумағында 211 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде: ауданаралық (қалааралық) - 71, аудандық (кентішілік) - 109, қалаішілік және қаламаңы - 31 маршрут.  
2016 жыл бойынша 335,4 млн. жолаушы тасымалданып, 
2015 жылмен салыстырғанда 112,5% пайызға артты. Ал жолаушылар айналымы 5991,6 млн. жолауш./км. болып, 2015 жылмен салыстырғанда 107,4%  құрады.  
Қызылорда қаласының көшелерін жөндеуге 2016 жылы жалпы ұзындығы 101,6 км құрайтын 174 көше жолдарына Ұлттық қордан, республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден барлығы 4 167,0 млн. теңге бөлінді. 
Ал, 2017 жылы Қызылорда қаласы бойынша – 2031,1 млн.теңге бөлініп, барлығы – 17,42 км көше жолдары жөндеуден өткізіледі. Бүгінгі күнге Қызылорда қаласы бойынша барлығы 113,8 млн теңгеге, жоба-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: