Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді

Аралда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілдіБүгін Арал қаласында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Бұл жолы аудан тұрғындарына қаланың сауда орталықтарындағы өнімдер ұсынылды.
Жәрмеңке «Қанағат» базарының маңында өткізіліп, нарықтан төмен бағамен саудаланды. Баға тұрақтылығын сақтаған төмендетілген сауда жүйесінде 25 сауда нүктесі орнатылған болатын. Бүгінгі жәрмеңке сөрелерінде сиыр, қой еті, жылқы еті қазысымен, балықтың 6 түрі, қолдан әзірлеген құлпынай, малина тосаптары, көкөніс дақылдары: қызанақ, қияр, бұрыш, қарбыз, қауын және азық-түліктердің басқа да түрлері сатылымда болды. Аталмыш жәрмеңке алдағы уақытта әр аптаның сенбісінде баға тұрақтылығын сақтау мақсатында өтетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: