Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қамбарбек Мүбараков: «басты бағдар – экономикалық өсімнің артуы»

Биыл Сыр өңірінің экономикалық әлеуетті айтарлықтай артты. Мәселен, облыстағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,3 пайызға, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 24,2 пайызға, ал негізгі капиталға тартылған инвестиция 27,7 пайызға ұлғайды.


Осының нәтижесінде, негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бойынша Қызылорла облысы республикада 4-ші орынға жайғасты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков хабарлады. 
-Облыстың экономикалық жағдайына әсер ететін салалардың бірі –өнеркәсіп өндірісі. Бұл салада соңғы жылдары орын алған шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуінен өсім көрсеткіші кенжеледі.  Алайда жыл басынан бері қолға алынған  негізгі жұмыстардың арқасында салада оң теңденция қалыптасып, нақты көрсеткіш 101,3 пайызды құрады. Осыған орай, оң динамиканы сақтап қалу мақсатында бірнеше жобалар жолға қойылды. Одан бөлек, ауылдық елді мекендерді дамыту аясында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Ауыл - Ел бесігі»  жобасы арқылы облысымызда 57 тірек және 46 спутник елді мекен айқындалып, бүгінде тиісті жобалар қолға алынды. Ал «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша биыл 494 маманға республикалық бюджеттен  несие алуға қаржы бөлініп, 522 маманға көтерме жәрдемақы төленді, - деді басқарма басшысы Қамбарбек Мүбараков.
Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы да өз жемісін беруде. Аталмыш жоба барысында 342 кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсетіліп, 154 жоба несиелендірілді. Нәтижесінде, 300-ден астам жұмыс орны ашылмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: