Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жеңіс ардагеріне баспана табыс етілді

 Жеңіс ардагеріне баспана табыс етілдіХалықаралық қарттар мерекесі күні Ұлы Отан соғысының ардагері, 91 жастағы майдангер Қуанышбай Бисенбаевқа жаңа пәтердің кілті табысталды. 
Бисенбаев Қуанышбай 1925 жылы бұрынғы «Қызыл әскер» ұжшарында кедей шаруа жанұясында туған. «Бозарқаш» мектебінде 3 сынып бітірген. 1943 жылы әскерге шақырылып, Забайкал әскери округінде болған. 1945 жылғы тамыз айына дейін әскери өнерге жаттығып, Маньчжурия жерінде соғысқа қатысқан. Жаралы болмаған. Соғыстағы ерліктері үшін «Жапония милитаристерін жеңгені үшін» медалімен, ал 1985 жылы Жеңістің 40 жылдығына орай «Отан соғысы»  орденінің екінші дәрежесімен наградталған. 1950 жылы әскерден елге келген соң теміржол саласында қарауыл, кейін астық қабылдау мекемесінде ұзақ жыл автокөлік жүргізушісі болып, жасы келгесін зейнет демалысына шыққан. Отбасында 8 бала тәрбиелеп, өсіріп, олардан 12 немере сүйіп отырған бақытты жан.  
Аудан басшысы Сұлтан Мақашов: Әр халықтың бойында сонау заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің  аудан халқының да осындай ерекшеліктерінің бірі — үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Біз «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» деген халық даналығымен сусындап, қашанда ардагерін ардақтап, қариясын құрметтеген халықпыз.  Ұлт болып ынтымақтасуды, отанды сүюді, бірлік пен бауырмалдық сынды құнды қасиеттерді біз Сіздерден үйрендік. Сол үшін де Сіздердің алдарыңызда басымызды иіп, тағзым етеміз, - деп қармақшылық ардагерлерге сый-құрмет көрсетіліп, дастархан жайды. 
«Наурыз шапағаты» фестивалінің лауреаты, ауданның ұлағатты аналары «Әжелер» ансамблі және бірқатар ардагерлер аудан әкімнің алғыс хатымен марапатталды. Одан әрі аудан өнерпаздары мерекелік ән-шашуыларын ұсынды. Ауданда 6 мыңнан астам қария болса, оның 64-і бастауыш ұйымдарының мүшесі. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: