Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫМедицина қызметкерлері күніне орай Қазалы ауданында үздік дәрігерлер марапатталды. Аудан әкімінің орынбасары С.Бабанаев ақ халаттыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бастап еліміздегі денсаулық саласын дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Оған Сіздер де елеулі үлес қосып келесіздер. Сол үшін баршаңызға үлкен алғыс айтқым келеді, – деді ол. 
Айта кетейік, Қазалы ауданы бойынша денсаулық саласында 135 дәрігер, 700 медицина қызметкерлері қызмет етеді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: