Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімін қабылдады

 Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспары баяндалды.


Мұрат Ергешбаев: 
➤ аймақта қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, экономиканы әртараптандыруда алдағы үш жылға 1 триллион 900 миллиард теңгенің 48 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланғанын айтты. 
✔️Биыл 1 триллион теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады. 
✔️Президенттің Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана, 500 орындық емхана, 200 орындық перинаталдық орталық, жаңа драма театры мен заманауи кітапхананың құрылыстары жүргізіліп жатыр. 
✔️Қызылорда – Ақтөбе автожолын кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды. 
✔️Бейнеу – Сексеуіл тас жолының құрылысы жақында қолға алынбақ.
✔️Жыл соңына дейін 10 елді мекен газдандырылып, халықтың 85 пайызы көгілдір отынның игілігін көреді. 
✔️Үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамту мақсатында биыл 2 400 пәтер беру жоспарланған. 
✔️Облыстағы 138 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізу, жолдардың 95,5 пайызын жақсарту көзделген.
Мемлекет басшысы:
📌облыс әкіміне экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, экологиялық ахуалды ілгерілету және ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: