Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кім алғаш бұлттарға ат берді?

Егер бұлттарға мұқият қарасақ, олар әр-түрлі. Бұлттың кейбір түрлері көзге тез басылады. Ірі және ұсақ «қойлар» не екенін барлығымыз білеміз.  
Бұл бұлттар ақ  бұйра қойлар отарын еске салады, француз, неміс тілдерінде де солай аталады. Үш типтік бұлттар түрі:шарбы,қатпарлы және будақ – ақ, жақсы ауа- райы бұлттарын  ең бірінші  XVIII ғасырдың соңында ағылшын азаматы Люк Говард  белгілеген. Ол ғылыми-маман болмаған, Лондонда  химиялық зауытында жұмыс істеген, бірақ табиғи  ғылыммен шұғылданып, 1821 жылы Лондон Патшалық ғылыми қоғамына мүше болып тағайындалған. Ол ең бірінші үш типтік бұлттар түрін сол заманға сай латынша ерекше атпен атаған: шарбы- Cirrus, қатпарлы—Stratus, және будақ— Cumulus. Оларға тағы төртінші түрі — Nimbus (жаңбырлы),- қатты жаңбыр жауатын қара жыртық  бұлттар енген. Содан бері 100 жылдан артық уақыт өтсе де Говард берген бұлттар атауы казір де бұлттар классификациясының негізі болып сақталған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: