Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қарлаң көпірінің іргетасы қаланды

Бірнеше жылдан бері Қазалы ауданының тұрғындары қыста мұз қатып елді әбігерге салатын, қызыл судан құтқаратын көпір салуды көтеріп келді. Енді бұл мәселе шешімін тауып, Қарлаң өткелінің құрылысы басталды.



Жаңа көпір арқылы  Жанкент, Бірлік, Қожабақы, Аранды, Бозкөл, Тасөткел, Лақалы, Ажар, Тасарық және Кәукей елді мекеніндегі 12 мыңға жуық халықтың алыс-берісі артып, жол қатынасы жақсармақ.
Бүгін облыс әкімі Қазалы ауданына жасаған жұмыс сапары аясында ауыл ақсақалдарымен бірге Қарлаң учаскесіне салынатын көпірдің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы Сырдария өзені арқылы өтетін темір-бетон көпірі құрылысының маңыздылығына тоқталып, тұрғындармен кездесу барысында бұл нысанның ерекше бақылауда болатынын жеткізді.
- Бүгінгі күні аталмыш көпірді салу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Көпірдің экономикалық тиімділігі де зор. Себебі, сауда-саттық қарым қатынасын жақсартуға және Сырдария өзінінің арғы бетіндегі егін және балық шаруашылығы дамытуға оң септігін тигізеді. Қауіпсіз және тұрақты көлік қатынасымен қатар, медициналық қолжетімділікке оң әсерін беретін болады. Жалпы Қазалы ауданында жол салу, инфрақұрылым жүргізу, әлеуметтік нысандар салуға бағытталған 10-нан астам жоба жүзеге асырылады, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Айта кетейік, Қарлаң учаскесіндегі темір-бетон көпірі «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымында орналасқан. Өткелдің ұзындығы 249 метрді құрайды. Бұған дейін көліктер Сырдария өзені арқылы өтетін қалқымалы көпірмен қатынап келді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: