Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бұйрығымен 2018 жылдың 2 сәуірінен бастап Жетілгенова Жанат Нәбиқызы Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Жанат Нәбиқызы 1964 жылы 21 қарашада Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген.
Жоғары білімді.
1989 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Санитар дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында дәрігер ретінде бастаған.
Осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласында түрлі лауазымды қызметтерде жұмыс жасаған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: